Украинаның мемлекеттік қарызы 192 млрд доллардан асты

Украинаның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарызы 31 тамыздағы жағдай бойынша 192 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіш бір ай ішінде 6,58 млрд долларға өскенін Украина Қаржы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, сыртқы қарыз жалпы берешектің 75,3%-ын құрап, 145,17 млрд долларға жетті. Ал ішкі қарыз 24,7%-ға тең – 47,5 млрд доллар.

Шілде айында қарыз 1,29 млрд долларға, маусымда 4 млрд долларға өскен еді.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский соғыс қимылдарының бір жылы елге шамамен 120 млрд доллар шығын әкелетінін, оның жартысын одақтастардан сұрауға тура келетінін айтқан болатын.

ЕО-ның бас дипломаты Кая Каллас та Украинаға қаржыландыру үшін қаражат жетіспей жатқанын мойындады. Сонымен қатар, Ресейдің мұздатылған активтерін пайдалану мәселесінде ЕО елдері арасында ортақ шешімнің жоқ екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы