Украинамен біржақты тәртіпте келісімдерді бұзып жатырмыз. Ғиният дәрі-дәрмек туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
Украинаға келетін болсақ, 1,6 пайыз және дәрі препаратының 25 түрі Украинадан жеткізіледі. Жыл басында украиналық жеткізушілер аталған көлемнің 40-60 пайызын жеткізді. Бүгінгі таңда зауыттар жабық. Біз біржақты тәртіпте келісімдерді бұзып жатырмыз. Қазір сол қалған көлемге конкурс өткізіп жатырмыз. 1 шілдеге дейін бұл конкурстарды аяқтап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз, - деді ол.
Министр атағандай, индексация мәселесі туралы да айтып өтті.
Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық дамудың болжауы айтылды. Қазір біз дәрі-дәрмектің шекті бағасының индексациясын қарап жатырмыз. «Фармация-СҚ» бойынша 4 хаб бар. Ал өңірлерде жедел шағын хабтар бар. Оның логистикасы толық жүйелі түрде жұмыс істеп тұр, - деді Ғиният.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы