Украиналық босқындар саны 4,5 млн-нан асып кетті – БҰҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада қарулы қақтығыс басталғалы көрші елдерге 4 жарым миллионнан аса адам босып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 90%-і – балалар мен әйелдер. Жуырда БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы осындай мәлімет келтірді. Оған сай, украиналықтардың көбі Польшаға ауған. Бұл елге 2 жарым миллионнан астам азамат пана іздеп барыпты.

Жалпы БҰҰ келтірген дерек бойынша, украинадағы ахуалға байланысты ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған азаматтардың саны да жетерлік. Соңғы есеп бойынша, 7 миллионнан астам азамат үйін тастап кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы