Украинаға "Томагавк" зымырандарын жеткізу Ресей мен АҚШ қатынастарын бұзуы мүмкін – Путин
Украинаға АҚШ-тан жасалған ұзақ қашықтықтағы "Томагавк" қанатты зымырандарының жеткізілуі Ресей-Америка қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Россия" телеарнасының тілшісі Павел Зарубинге "Валдай" пікірталас клубының отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Журналист сұхбаттан үзіндіні 5 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Путиннің айтуынша, бұл қару-жарақ жүйелері жаңа, жоғары дәлдіктегі зымырандық технологияларды қамтиды және олардың жеткізілуі "қалыптаса бастаған оң үрдісті жояды".
РФ президенті сондай-ақ, мұндай шешім екі ел арасындағы қатынастарда жаңа және қауіпті кезеңнің басталуына алып келетінін ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы