Украинаға көмек. Оқ өтпейтін жилет жасап жүрген қазақстандық қыз өндірісін тоқтатады

Украинаға оқ өтпейтін жилет жасап, көмектесіп жүрген қазақстандық өндірісін тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Cоғыс басталғаннан кейін қазақстандық Мадина Каттер Берлиндегі жұмысын тастап, Bulletproof Ukraine — Украинада еріктілерге, фельдшерлерге және журналистерге арналған оқ өткізбейтін жилет өндірісін жасауды қолға алғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстанда туып-өскен Мадина Каттер 27 жаста. Ол KIMEP-ті тәмамдаған соң Австрияда оқуға түседі, кейін Германияға жұмысқа шақырту алған. Онда отандасымыз венчурлық сәулетші болып жұмыс істей бастайды. 

Мадина Еуропада жүргенінде украиналықтармен достасып, Киевке баруды армандайды. 2015 жылы Майдан оқиғасы туралы шындықты білгісі келген жас қыз ел астанасы Незалежнаяға алғаш рет барды. Осыдан кейін ол Украинаға бірнеше рет оралған, өйткені халықтың менталитеті, әлеуметтік климаты және Мадина айтқандай, еркіндік ауасы жанына жақын болып шықты.

forbes.kz

2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргенде, Мадина Германиядағы жұмысын тастап, волонтер болып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған украиндарға көмектесті.

Мен өз тәжірибем мен не қалайтынымды ескере отырып, көмектесе алатынымды түсіндім, - дейді отандасымыз.

Кейін Мадина украин халқына одан да көп пайда әкелгісі келетінін түсініп, досы Ростиславпен бірге бейбіт тұрғындарға, еріктілерге және журналистерге арналған оқ өткізбейтін жилет шығаратын компания құрды. 

Bulletproof Ukraine компаниямызды енді ашылғанда оқ өткізбейтін жилетті қалай жасау керегін де білмедім. Мен бір ғана пластин қажет деп ойладым, бірақ жилет екі пластиннан жасалуы керегін естігенде қатты таң қалдым. Осындай қателіктер өндіріске барынша мұқият қарауға ықпал етті. Біз қорғаныс өнеркәсібінің мамандарын тартып, сайманның мықтылығы пен оқ өткізбейтініне түрлі сынақтар жүргізе бастадық. Біз қаражат жинау алаңын ашып, бірінші партияға шамамен 6 000 еуро жинадық. Ростислав операциялық бөлімге, мен дизайн және қаражат жинауға жауапты болдым. 600-ден астам оқ өтпейтін жилет жасадық. Алайда біз компанияны жабу туралы шешім қабылдадық. Бірақ бұл Украинаға көмектесуді жалғастырмаймын дегенді білдірмейді. Мен RE:Ukraine жобасында жұмыс істеймін, баспанасынан айырылған украиндықтар үшін модульдік үйлер салуды көздеп отырмыз, - деп түсіндірді ол компанияның жабылу себебін.

Өткен қарашада Мадина Каттер неміс Forbes журналының Forbes «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне енді. Мадинаның айтуынша, жақын арада олар украиндықтар үшін шамамен 900 мың долларға баспана салуды көздеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: wikiwarriors.org
Өзгелердің жаңалығы