Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін – БҰҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл соңына дейін Украинадан шетелге бас сауғалап қашқан босқындар саны 8 миллион 300 мыңға жетеді деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі осындай болжам жасап отыр. Ал ресми дерекке қарағанда қарулы қақтығыс басталғалы Украинада 12 миллион 700 мың адам баспанасын тастап қашуға мәжбүр болған. Олардың 5 миллионнан астамы шекара асса, 8 миллиондайы ішкі босқынға айналған. Олардың 90 проценті әйелдер мен балалар.
Бұдан бөлек тағы 13 миллион тұрғын қақтығыс аудандарында қалып қойған, – дейді ұйым өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы