Украинадағы қазақстандықтардың екінші легі ұшып келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Украинадағы қазақстандықтардың екінші легі Нұр-Сұлтанға жетті.
Польшаның Катовице қаласынан отандастарымыз мінген ұшақ Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды.
Олар Польшаның Катовице қаласынан Атырауға, одан әрі ел астанасына жетті. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.
Еске салайық, Сыртқы істер министрлігі ақпанның аяғында Украинада 1,6 мыңға жуық қазақстандық болғанын айқан болатын. 28 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанның Украинадағы елшілігіне хабарласқан 528 адам елге жете алмай отырғанын айтып, жәрдем сұраған.
Сонымен қатар еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы