Украинада жұқпалы індет жұқтырғандар саны күрт өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада жаһандық пандемиямен ауырғандардың саны бір күнде 9 мың адамнан асты. 

Денсаулық сақтау министрлігі ковид туралы жағымсыз статистиканы жариялады. Коронавирус жұқтырған науқастардың саны бір тәулікте әлдеқайда көп анықталып отыр. Өткен тәулікте, яғни 23 қыркүйекте коронавирустың 9058 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 1192-ге көп.

Елде барлығы 2 379 483 адамнан инфекция расталған. Өткен тәулікте Украинаның 140 тұрғыны COVID-19-дан қайтыс болды (барлығы - 55 424 адам). Сауығып шыққан адамдардың саны – 2 240 388 адам. Ал соңғы тәулікте жазылып шыққан саны – 2415.

Ковидтен қалай қорғануға болады? Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ең жақсы әдіс – вакцинация. Вакцинация ауруханаға түсу қаупін, әрі аурудың ауыртпалығын 15 есеге дейін азайтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы