Украинада Жоғарғы Раданың бұрынғы депутатына қастандық жасалды
Украинаның Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионның өміріне қастандық жасалды. Белгісіз біреу оның басынан оқ атқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы жергіліктің тележурналист Марта Олиярник Facebook парақшасында жазды. Автордың мәліметінше, оқиға Масарық көшесінде болған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, экс-депутатқа қарумен шабуылдаған адам қолғап киген және қару дыбыс өшіргішсіз болған. Ирина Фарионды жедел жәрдем қызметі дереу ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы туралы әзірге белгісіз",-деп жазды тележурналист.
Львов қалалық кеңесінің депутаты Игорь Зинкевичтің жазуынша, Ирина Фарионның жағдайы өте ауыр.
Бұрынғы депутаттың өміріне қастандық жасалынғанын полиция растаған.
Ирина Фарион – львовтық саясаткер, филология ғылымдарының докторы, 2012–2014 жылдары Украина Жоғарғы Радасының депутаты болған. Ол Украинада орыс тілін қолданудан толық бас тартуды жақтайды. Мансап барысында ол бірнеше рет жанжалдарға тап болды. Экс-депутат жиі-жиі батыл мәлімдемелер жасап жүрді.