−5

Украинада президент сайлауы өтетін болды

Украинада президент сайлауы өтетін болды

Трамптың арнайы өкілі Украина билігінің президенттік сайлау өткізуге келісім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Украинада президенттік сайлау өтуі тиіс екенін және биліктің бұл шешімге келіскенін айтты.

Олар (Украина басшылығы – ред.) бұған келісім берді. Украинада сайлау өтеді, – деді Уиткофф.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский президенттік сайлау соғыс аяқталғаннан кейін, алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес өтуі керек екенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AFP
Өзгелердің жаңалығы