Украинада гуманитарлық бітім жасау мүмкін болмай тұр – БҰҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша жауласқан тараптарды атыс-шабысты  тоқтатуға шақырғанмен, екіжақтың ортақ мәмілеге келуі қиынға соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ ұрыс аймағына гуманитарлық көмек жеткізіп, азаматтарды эвакуациялау үшін Ресейді бітімге келуге шақырған болатын. 

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: Әзірше жан-жақты қамтитын гуманитарлық бітім орнату мүмкін болмай тұр. Қазіргі уақытта бітім гуманитарлық тұрғыдан қарағанда ауадай қажет. Соғыс азық-түлік, энергетикалық және қаржы дағдарысын ұшықтырып барады. Бұл өз кезегінде өзге елдердің экономикалық ахуалына кері әсерін тигізуде. Бұдан бөлек әлем елдерінде пандемия, климаттың жаһандық өзгеруі сияқты түйіні тарқамаған өзекті мәселелер де жетерлік, –  деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы