Украинада ер адам бейбіт тұрғындарға граната лақтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада 8 маусым күні кешке жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Белгісіз біреу граната лақтырды. Үш адам түрлі жарақат алды. Медициналық қызметкерлер оқиға орнында тиісті көмек көрсетіп жатыр, - делінген Харьков облыстық полициясының Twitter-дегі парақшасында.
Полиция ұсынған мәлімет бойынша зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Айтуынша, 2005 жылғы жігіт орташа дәрежедегі жарақат алған, 1988 және 2002 жылы туған азаматтардың жағдайы - қанағаттанарлық деңгейде екен.
Куәгерлердің сөзінше, жарылыстан кейін үш адам далаға жүгіріп шығып, көшедегі адамдардан жедел жәрдем қызметін шақыруды өтінген. Біраз уақыттан кейін медқызметкерлер оқиға орнына келіп, көмек көрсетіпті.
Расталмаған мәлімет бойынша зардап шеккендердің біреуінің аяғы ампутациялануы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Кейіннен украиналық құқық қорғау органдары 1992 жылғы күдіктіні ұстағандарын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Чемпионаттан оралған күміс жүлдегер боксшыны әскерге алып кетті
Өзгелердің жаңалығы