Украинада әуе шары құлады, қаза тапқандар бар

Алматы, BAQ.KZ. Украинаның батысында Хмельницк облысындағы Каменец-Подольск қаласына жақын жерде ішінде жолаушылары бар әуе шары құлады. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полициясының облыстық басқармасы өзінің Facebook парақшасында жазды.

Каменец-Подольск ауданында әуе шарының құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде, - деп мәлім етті полиция.

Қайғылы жағдай 22 мамыр күні кешқұрым Каменец-Подольск ауданында Кульчиевцы елді мекенінің жанында болған. Әуе шарының бортында ұшқыш пен бес жолаушы болған. Олардың барлығы Хмельницк пен Каменец-Подольск қалаларының тұрғындары. Бір ер адам қаза тапты, тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Олардың арасында ұшқыш та бар.

Әуе рейстерінің ережелерін бұзу бабы бойынша тергеу басталды.

Бұған дейін қалалық кеңес өзінің Facebook-тегі парақшасында Каменец-Подольск қаласында осы демалыс күндері «Подоль кубогы» әуе шарлары фестивалі өтеді, деп хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы