Украинада алғаш рет қаранәсілді депутат сайланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Жоғарғы радасына алдын ала нәтиже бойынша, бірінші рет қаранәсілді депутат Жан Беленюк сайланды. Ол «Халық қызметшісі» партиясы атынан өтті. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша, Украина президентінің партиясы алда келеді. Бұл Жан Беленюкқа депутат болуға мүмкіндік береді.
Жан Беленюктің жасы 28-де, Киевте туған, анасы украин. Оның әкесі Руанда азаматы, 1994 жылы еліндегі азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан.
Жан Беленюк саясатқа келмес бұрын спортшы болған. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысып, күміс медаль иеленген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда тозығы жеткен үйлер сүріліп, жаңасы салынуда
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы