Украинада 2161 адам COVID-19 инфекциясын қайта жұқтырған
Алматы, BAQ.KZ. Украинада 2161 адамның COVID-19 инфекциясын қайта жұқтырғаны анықталды, олардың 250-і медицина қызметкері. Бұл туралы Укринформ агенттігі Қоғамдық денсаулық сақтау орталығына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Белгілі болғандай екінші рет вирус анықталған адамдардың барлығы бірінші рет ауырғаннан 40 күн өтпей қайта тестен өткендер.
COVID-19 инфекциясын екінші рет жұқтырғандар эпидемия басталғалы Украинада коронавируспен ауырғандардың 0,25 пайызын құрайды. Алайда екінші рет анықталған вирустың алдыңғысымен гендік жағынан ұқсастығын анықтайтын зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.
Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандарда COVID-19 инфекциясын қайта жұқтыру қаупі жоғары екенін айтады.
Эпидемия басталғалы Украинада 919704 адам вирус жұқтырған, олардың 535417-і жазылып шықса, 15744-і көз жұмған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«30 игі іс». 500-ден астам азық-түлік себеті таратылады
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы