Украинада 200-ден астам бала қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада Ресей шапқыншылығы басталғаннан бері кем дегенде 202 бала қайтыс болды, деп хабарлады елдің Бас прокурорының кеңсесі.
Тағы 361 бала жарақат алды.
Балалардың көпшілігі Донецк (117), Киев (106) және Харьков облыстарында (89) зардап шекті. Бұл сандар нақты емес, өйткені белсенді соғыс аймақтарында зардап шеккендерді санау әлі де жалғасуда.
Ресей Қарулы Күштерінің оқ атуы мен бомбалауының нәтижесінде бүкіл ел бойынша 1018 оқу орны зақымдалды, олардың 95-і толығымен жойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жаужүрек полк" акциясы онлайн форматта өтеді
Өзгелердің жаңалығы