Украинада 100-ден астам науқас өкпе аппаратына қосылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID жұқтырған жүзден астам украиналық науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл туралы korrespondent.net сайты хабарлады.
Бұл ауруханаларда коронавирус ауруына шалдыққан украиналықтардың үшінші бөлігі. Қалғандары үйде емделуде. 25 сәуір күнгі деректер бойынша,Украинада коронавирустық инфекцияны жұқтырған тағы 2627 адам ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде 112 бала мен 273 медицина қызметкері бар, - деді қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.Өкпені жасанды желдету аппаратына 104 адам, оның ішінде бір бала қосылған. Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов өткен тәулікте сауығып кеткендердің рекордтық санын атап өтті.
Бір тәулікте 181 науқас сауығып кеткен, оның ішінде 19 бала. Бұл біздің рекордымыз. Өте тамаша рекорд. Мен осындай көрсеткіш үшін бірінші кезекте біздің дәрігерлерімізге алғысымды білдіргім келеді, - деді министр.Сондай-ақ, өткен тәулікте ПТР әдісімен 5825 зерттеу жүргізілген. Соңғы тәулікте анықталған жағдайлардың басым бөлігі Черновицк облысында 109 адам, Киев қаласында 37 адам тіркелді.
Сондай-ақ, министр коронавирус анықталған 8125 адамның ішінде 545 бала және 1574 медицина қызметкері бар екенін хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы