Украина ресейлік зымыран және дрон өндіруші компанияларға санкция енгізді
Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік зымырандар мен дрондар өндіретін компанияларға қарсы жаңа санкцияларға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешімге сәйкес, тиісті компоненттерді жеткізетін фирмалар, сондай-ақ Ресей қаржы секторы, криптовалюта нарығы және тау-кен өндірісін қамтамасыз ететін құрылымдар да шектеулерге ілінді.
Зеленскийдің айтуынша, бұл санкциялар Еуропалық Одақтың 20-шы пакетіндегі шаралармен үйлестірілген. Жарлықтар ресми түрде әлі жарияланған жоқ.
Президенттің Жарлықтарына сәйкес, санкциялар тізімін министрліктер мен ведомстволар әзірлейді, ұсыныстар енгізеді, содан соң Украина Қауіпсіздік Кеңесі шешім қабылдайды. Киев сонымен қатар Батыс елдеріне Мәскеуге қарсы қосымша санкциялар енгізу ұсыныстарын тұрақты түрде жібереді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пентагон Австралиядағы базада атом сүңгуірлерін орналастырмақ
Келесі жаңалық
Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде
Өзгелердің жаңалығы