Украина мен Ресей келіссөздерінің үшінші раунды өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер жалғасуда, таяу уақытта үшінші раунд басталады. 

Бұл туралы ТАСС агенттігі Украина Президенті Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подолякқа сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр. Бірнеше минуттан кейін үшінші раунд басталады, - деп жазды ол Twitter-де.

Аталған келіссөз Беларусь және Украина шекарасындағы Гомель облысында басталған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы