Украина мен Ресей бейнебайланыс арқылы төртінші келіссөз өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей мен Украина делегациялары бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, төртінші келіссөз өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Интерфакстың мәліметінше, бұл ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған.
Владимир Мединский бастаған делегация Украина өкілдерімен видео байланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге жағдайға егжей-тегжейлі түсінік бере алмаймыз, – деді Дмитрий Песков.
Дмитрий Песков мұны бұған дейін өткен Ресей мен Украина делегациясы арасындағы келіссөздердің жалғасы екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ирактағы АҚШ бас консулдығына шабуыл жасалды
Өзгелердің жаңалығы