Украина мен Молдоваға Еуропа одағына кіруге үміткерлер мәртебесі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕО көшбасшылары Украина мен Молдованы одаққа мүшелікке үміткерлер деп танығанын бейсенбіде Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишель айтты деп хабарлайды Синьхуа.

Келісімге қол жеткізілді. Еуропалық кеңес Украина мен Молдоваға ЕО-ға кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Тарихи сәт, - деп жазды ол Twitter-де. 

Еуропалық Одаққа мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары Брюссельдегі екі күндік саммитінің басында Еуропалық комиссияның ұсынысын мақұлдады.

Украина Ресеймен қақтығыс басталғаннан кейін көп ұзамай 28 ақпанда ЕО-ға мүшелікке өтініш берді. Молдова – 3 наурыз.

Украина президенті Владимир Зеленский саммит шешімін құптап, оны «Украина-ЕО қарым-қатынасындағы бірегей және тарихи сәт» деп атады және ЕО көшбасшыларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Грузия да 3 наурызда Еуроодаққа мүшелікке өтініш берді, бірақ өткен аптада Еурокомиссия ел құжаттары кейінірек реформалардан кейін қайта қаралатынын айтты.

Чарльз Мишель Еуроодақ басшыларының «Грузияның еуропалық перспективасын мойындауға шешім қабылдағанын» атап өтіп, Еуропалық Кеңес «қалған басым мәселелер шешілген кезде оған кандидат мәртебесін беруге дайын» ​​деп қосты. «ЕО-Грузия қарым-қатынасындағы тарихи сәт: Грузияның болашағы ЕО-да», - деп жазды ол.

ЕО-ға үміткер елдер одаққа кіру үшін белгілі талаптарды орындауы керек, соның ішінде сот төрелігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктері және заң үстемдігі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы