+1

Украина мен АҚШ арасындағы келіссөздің екінші раунды басталды

Украина мен АҚШ арасындағы келіссөздің екінші раунды басталды

2025 жылдың 25 наурызында Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ арасындағы кезекті келіссөздер раунды басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолы да басты тақырып – Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтату мәселесі.

AFP агенттігінің мәліметінше, ертеңгілік Эр-Рияд қаласында жаңа ресми кездесу өткен.

Бұған дейін шетелдік БАҚ АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер аяқталған соң, АҚШ пен Украина делегацияларының да қосымша кездесу өткізетіні туралы хабарлаған еді.

Дәл осы күні Ресей мен АҚШ делегациялары Эр-Риядта 12 сағаттан астам уақытқа созылған келіссөздерін аяқтады. Ол кездесуде Ресейдің Украинаға басқыншылығын тоқтату, сондай-ақ Қара теңіз астық келісімін қайта жандандыру мәселелері талқыланды. Айта кетсек, Ресей бұл бастамадан екі жыл бұрын шыққан болатын.

Бұған дейін – 23 наурызда – Эр-Риядта АҚШ пен Украина арасында алғашқы келіссөз раунды өткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aa.com.tr
Өзгелердің жаңалығы