Украина мәселесі. Трамп Ердоғанға өтініш айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Украина мәселесі жөнінде өтініш білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Hürriyet басылымына сілтеме жасап.

Басылым Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен де, Украина басшысы Владимир Зеленскиймен де келіссөз жүргізе алатынын атап өтеді.

Егер Украина Ұлыбритания мен АҚШ-тың қысымымен келіссөз үстелінен кетпегенде, Түркия алғашқы үш айда бейбіт келісімге қол жеткізер еді, — делінген мақалада.

Газеттің мәліметінше, Түркия басшысы Трамптың бұл ұсынысын оң қабылдаған.

Бұған дейін наурызда Ердоған АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты тоқтату жолындағы оның бастамаларын қолдайтынын жеткізген. Сол кезде Түркия президенті әлемдегі жағдайларға байланысты Анкара мен Вашингтон арасында тығыз кеңесулердің қажетін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы