Украина қытайлық вакцина жеткізушісіне айыппұл салады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Sinovac өкілі саналатын «Лекхим» компаниясы Украинаға жеткізілуі тиіс вакцинаны әкелу мерзімін жылжытып жатыр. Сол себепті Украина билігі уақтылы жеткізбегені үшін вакцина жеткізушіге айыппұл салмақ.

Бұл туралы Reuters елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Игорь Иващенкоға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оның айтуынша, Украинада Sinovac өнімін қолдану туралы шешім әлі мақұлданбады.

Олар келісімшартта көзделген мерзімдерді сақтамай отыр. Шартта көрсетілген айыппұл салынады, - деді Иващенко.

Сатып алу келісімшартына сәйкес вакцинаның алғашқы партиясы 7 наурыздан кешіктірілмей Украинаға жеткізілуі тиіс.

Бұдан бөлек жеткізу мерзімінен кем дегенде үш жұмыс күн бұрын жеткізуші тапсырыс берушіге өнімнің Украинада тіркелгені жөнінде куәлік беруі қажет.

Еске салсақ, өткен жылы желтоқсан соңында Украина билігі 1,93 млн Sinovac вакцинасына тапсырып беріп, 964 млн гривеннің алғашқы келісімшартына қол қойған еді. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы