+5

"Украина дайын": Ресейге қарсы санкциялар жойыла ма?

Батыстың Ресейге қарсы енгізген санкциялары Украина бойынша бейбіт келісім аясында жойылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Deutsche Welle таратқан мәліметке сәйкес, Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Владислав Власюк осылай деп мәлімдеген.

Власюктің айтуынша, Ресеймен қандай да болсын түрдегі бизнес жүргізуді қайтару – "уақыттың еншісінде", бірақ ол дұрыс жағдайда өтуге тиіс.Қазіргі сәтте біз алдымен Ресей бұл бағытта (бейбітшілік бағытында – ред.) айтарлықтай қадамдар жасап жатқандығына көз жеткізуіміз керек. Одан соң санкцияны алып тастау туралы айтуға болады, - деді украиналық шенеунік.

Оның пікірінше, бұл қадамға ақылмен барған дұрыс.

Кез келген мерзімінен бұрынғы келісім аясында Киев өз халқы үшін әділдікке қол жеткізуге тырысады. Бұған "украиналықтар үшін компенсация" да енуі мүмкін, - деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы