Украина Британиядан 3,2 млрд доллар несие алады

Украина мен Ұлыбритания Киевтің қорғаныстық қажеттіліктеріне 3,2 млрд доллар көлеміндегі несие туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы украиналық ТСН телеарнасы мәлімдеді.
Владимир Зеленский Лондонға сапары барысында Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармермен кездесу өткізгені белгілі.
Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко Ұлыбританиямен арадағы несие келісімімен алынған қаражат Киевтің әскери қажеттіліктеріне жұмсалатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Ұлыбританияның премьер-министрі Зеленскийді құшақ жая қарсы алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қазгидромет": Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Келесі жаңалық
СҚО-да су тасқынымен күрес күні-түні жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы