Бүгiн 2026, 07:48 Фото: AP Photo / Efrem Lukatsky

Украина астанасы өмір сүруге ең қолайсыз 10 қаланың қатарына енді

Рейтингке сәйкес, Киев Зимбабвенің астанасы Харареден кейін орналасқан.

Украинаның астанасы Киев британдық The Economist журналының жыл сайынғы өмір сүруге қолайлылық рейтингінде әлемдегі ең қолайсыз он қаланың қатарына енді.

Басылым жариялаған тізімде Киев 173 қаланың ішінде 166-орынға жайғасты. Қала 100 мүмкін ұпайдың 44,5-ін жинаған. Бұл рейтингте көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қала өмір сүруге соғұрлым қолайлы деп есептеледі.

Рейтингке сәйкес, Киев Зимбабвенің астанасы Харареден кейін орналасқан. Ал тізімнің соңғы орындарын Сирияның Дамаск, Ливияның Триполи және Бангладештің Дакка қалалары иеленді.

The Economist Intelligence Unit жыл сайынғы рейтингінде қалалар тұрақтылық, денсаулық сақтау, мәдениет пен қоршаған орта, білім беру және инфрақұрылым сияқты бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша бағаланады.