Украина әскері жаппай шегінді: Курск облысында не болып жатыр?

Украина әскері Курск облысынан, атап айтқанда, Суджа қаласынан шегіне бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Украинская правдаға" украинаның әскерилері мәлімдеген.

Басылым таратқан мәліметке сүйенсек, украиналық бөлімшелердің, соның ішінде десанттық-шабуылдау әскері Курск облысында қалып отыр және ресейлік-украиналық шекараға қарай жақындаған, алайда одан шығып кеткен жоқ.

Украина президенті Владимир Зеленский майданның бұл бағытындағы соңғы оқиғаларға пікір білдіріп, Украинаның қорғаныс күші Курск облысында алға қойған міндеттерін орындап жатқандарын мәлімдеді.

Біздің Курск облысының аумағындағы әскерлеріміз тапсырманы орындауды. Ресейліктер біздің әскерге қысым көрсетуге тырысатындары анық. Әскери қолбасшылық жауынгерлеріміздің өмірін барынша сақтап қалуға тырысуда, - деді Зеленский БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте.

Ал ресейлік БАҚ таратқан мәлімет бойынша ресейлік әскерлер Суджаны толықтай бақылауға алған.

Қалада үйлер мен жертөлелер тексеріліп, тазарту бойынша операциялар орындалуда. Қалада НАТО-ның көптеген техникасы қалғаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы