Украина әскері қоршауда қалғаны рас па? Зеленский қазіргі жағдай туралы айтты

Украина президенті Владимир Зеленский украин әскерінің Курск облысында қоршауда қалмағанын және өз міндеттерін орындауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, Украина Қарулы Күштерінің Курск облысының кейбір аудандарында жүргізген операциясы Ресейдің айтарлықтай күшін басқа бағыттардан алшақтатуға мүмкіндік берді.

Зеленский сондай-ақ Ресей әскери күштерінің шекара маңында шоғырлануына байланысты Украина солтүстігіндегі Сумы облысына жаңа шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтты. Ол халықаралық серіктестерге Ресей президенті Владимир Путиннің нақты жоспарларын түсініп, тиісті әрекет ету қажеттігін ескертті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Путиннен Курск облысында қоршауда қалған украин сарбаздарының өмірін сақтап қалуды сұраған болатын. Жауап ретінде Путин Ресей бұл өтінішті орындай алатынын, бірақ Киев өз әскери күштеріне берілу туралы бұйрық беруі керек екенін мәлімдеді.

Зеленский Украинаның әскери операциясы Курск облысының белгілі бір аймақтарында жалғасып жатқанын және Украин күштері қоршауда қалмағанын тағы да растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Images
Өзгелердің жаңалығы