Укол салған дұрыс па немесе таблетка ішкен дұрыс па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Невропатолог дәрігер Айгүл Өмірбекқызы укол немесе таблетканы қандай жағдайда пайдаланған тиімді екенін айтты.

Укол таблеткаға қарағанда әлдеқайда тиімді. «Мұнда тек укол жәрдем береді» деген сөздерді жиі естіп, адасамыз. Кейбір пациент, егер дәрігер система, яғни укол жазып бермесе, ол жаман дәрігер деп шығады. Кейбір дәрігер егер пневмония анықталса, тек қана укол жәрдем береді деп тағайындай салады. Тамырішілік инфузиялар (тамшылар) адамдарға үнемі қажет бола бермейді, - дейді ол.

Дәрігердің айтуынша, дәрігерлер түрлі асқынудан сақтану мақсатында укол тағайындайды.

Егер сіз емханада немесе амбулаторияда емделіп жүрсеңіз, онда сіздің ауруыңыз жеңіл және орташа ауырлықта деген сөз. Процедура барысында салынатын тамырішілік дәрілер, үлкен дозадағы дәрінің жылдам ағзаға жетуі үшін қажет. Ал қалған жағдайда, дәріні таблетка,  капсула суспензия түрінде қабылдауға болады. Сонымен укол және системалар қай уақытта қажет? Мысалы, инфекциялық токсикалық шок, көп қан жоғалту кезінде, пациент өздігінен дәріні жұта алмаса, психикалық ауытқулар, науқас дәріні жұту мүмкіндігі жоқ немесе дәрігер таблетка қолданбағанына күдікті туғанда, ауру ағымы ауыр болса және жайылмалы сипатқа ие болса (сепсис, екі жақты пневмония), таңдалған таблетканың аналогы жоқ болса, яғни шығарылу үлгісі суспензияға арналған порошок және инъекцияға арналған ерітінді болса, укол алу қажет болады, - деді Айгүл Өмірбекқызы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы