ҰҚК «Каспий - Антитеррор-2021» оқу-жаттығуына дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының аумағында ТМД Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін «Каспий - Антитеррор-2021» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастыруды жүргізуде.
Техника легінің қозғалысы әскери полицияның алып жүруімен жүзеге асырылады. Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін жалғасады - делінген ҰҚК Шекара қызметінің баспасөзі таратқан ақпаратта.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Браконьерлер мемлекетке 180 млн теңгеге жуық шығын келтірген
Өзгелердің жаңалығы