Үкіметтің жаңа басшысы қандай міндеттерді орындайтынын айтты

Жаңа Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов кандидатурасын қолғаны үшін депутаттарға ризашылығын білдірді.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын, әлеуметтік саласын дамыту бағытында ауқымды тапсырмалар берді. Бұл тапсырманың барлығы мүлдіксіз орындалады. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды, - деді Премьер-министр.

Ол қандай салалар басты назарда болатынын атады:

- Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі.

- Мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, машина жасау, яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салаларды барынша дамытамыз.

- Отандық өндірісімізді ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылданады.

- «Қазақстанда жасалған» тауарлардың үлесін арттырып, оларды өндірушілерді қолдау мақсатында офтейк жүйесін іске қосамыз. Басты мақсат – басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау.

- Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өндіруге назар аударамыз.

- Электр қуаты, жылу және сумен қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген қаражатты инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады.

- Көлік-логистика саласын дамытып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру Үкімет жұмысындағы басымдықтардың бірі болады.

- Цифрландыру, жасанды интеллекттің қолдану саласын кеңейту, есептеу қуаттарын ұлғайту аса маңызды міндеттер.

Мемлекет басшысы белгілеген «заң мен тәртіп» қағидаты іске асырға бағытталған шаралар қабылдаймыз. Басқа да халықтың көкейінде тұрған өзекті мәселелер Үкіметтің үнемі назарында болады, - деп Бектенов Үкімет халқымыздың игілігіне және еліміздің өркендеуіне қызмет ететінін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы