Үкіметтің қарызы 25 трлн теңгеге жуықтады – Смайылов

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Үкіметтің борыштық міндеттемелері жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасанды интеллектті пайдалана отырып, бюджеттік және стратегиялық жоспарлаудағы болжамдау функциясын жақсарту үшін шұғыл шаралар қажет. Бұл жерде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі өзінің үйлестіруші рөлін күшейтуі маңызды. Қазір мемлекеттік борыш қауіпсіз шекте болғанымен, Үкіметтің борыштық міндеттемелері биыл қаңтар айындағы жағдай бойынша 24,9 трлн теңге болды, - деп есептейді Смайылов.

Оның айтуына қарағанда, 2024-2025 жылдары өткен онжылдықта тартылған қарыздарды қайтару бойынша бюджетке ең жоғары жүктеме түсіп отыр.

2023 жылы қарыздарды өтеуге және қызмет көрсетуге Ұлттық қордың трансферттерін есепке алмағанда, бюджет кірістерінің 28%-ы немесе барлық шығысының 19%-ы жіберілді. Осы мәселелерге келгенде макроэкономикалық және бюджеттік параметрлерді өзара байланыстыра отырып, ұзақ мерзімді жоспарлау қажет, - дейді Әлихан Смайылов Мәжілісте.

Ол алдағы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың жай-күйі туралы ақпаратты ашығырақ көрсету керегін ұсынған болатын.

Сонымен қатар ол 600 млн теңгеге салынған баспанаға әлі ешкім қоныстанбағанын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы