Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтік комиссия Ақтауда Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен жүргізілген келіссөз барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.

Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпауға кепілдік берілді. 

 
 Сонымен қатар тараптар туындаған барлық мәселені сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы