2019 жылы үкіметтік емес ұйымдар 128 жобаны іске асырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-тың 2019 жылғы қызметіне арналған жиында айтылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, грант алушылар мен жобалардың бенефициарлары қатысты.
Біз үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары мен жобаларын қолдауға әрдайым дайынбыз. Себебі, олар өз бағыты бойынша кәсіби тұрғыдан дамиды, түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырады. Бұл жұмысты мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс және грант қаржысы негізінде жүзеге асырып келеміз. Мысалы, 2019 жылы гранттық қаржыландыру аясында 3,4 млрд теңге сомасына 102 үкіметтік емес ұйымның 128 жобасы жүзеге асырылды, - деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.
Оның айтуынша, аяқталуға жақын "Жастар жылы" өте табысты болды. Осыған қоса, ол келе жатқан "Волонтер жылы" да көп жұмыс атқарылатынын айтып, жоспар мен жобалар жетерлік екенін жеткізді.
Біз биыл үкіметтік емес ұйымдар тапсыратын жобалардың сапасын бақылауды күшейттік. 2019 жылы орталыққа 900-ден астам өтінім келіп түсті, алайда оның 40%-ға жуығын кері қайтардық. Ендігі мақсатымыз – осы пайызды азайтып, үкіметтік емес ұйымдардан барынша көп өтінім қабылдау. Себебі өтінімдер көп болған сайын бәсекелестік артып, жобалардың сапасы артады, - дейді "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасы Батима Мукина.
Басшының айтуынша, қазіргі уақытта орталықтың 5 жылдық стратегиясы жасалып, ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберілді.
Жиын барысында грант қаржысына ие болған бенефициарлар өз жұмысы мен іске асырған іс-шаралары туралы баяндап, алған тәжірибесі мен өмірлерінде болған оң өзгерістер жайлы айтып берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ең алдымен қарапайым адамдардың ұстанымы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуым керек – Тоқаев
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы