Үкіметтік делегация Қордай ауданына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысының Қордай ауданына барды. Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында вакциналар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Ералы Тоғжанов зауытта облыс әкімі, Институт басшылығы, сарапшылардың қатысуымен арнайы кеңес өткізді, онда зауыттың өзекті мәселелері қаралып, шешу жолдары айқындалды. Сондай-ақ вице-премьер институт қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету биологиялық қауіпсіздік саласында білікті қызметкерлерді тарту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. 


Бұдан бөлек, делегация Гвардейский кентінің тұрғындарына арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Сонымен қатар Е. Тоғжанов бұқаралық спортты дамыту үшін «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Отар ауылындағы мәдениет үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болды. 

Кешен ойын алаңымен, күрес және жаттығу залдарымен жабдықталған, үстел теннисіне арналған бөлмелер бар. Жалпы, Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы