Үкіметте Түркістанның 2035 жылға дейінгі жоспары мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Үкіметі Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының жобасын бекітті.

Түркістанның жаңадан дамуын, тарихи құндылықтарды сақтай отырып, одан әрі көркеюін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы қыркүйекте Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасы мақұлданғанын еске салды. Қысқа мерзімде нақты жұмыс атқарылды. Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымы, тұрғын үйлер аймағының құрылысы қарқынды жүргізілді, - деді Үкімет басшысы Асқар Мамин.

Оның айтуынша, жалпы облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгеннен бері қаланың негізгі капиталға инвестициялар көлемі - 400 млрд теңгені құраған. 

Жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы біршама ұлғайды – 3 мың гектарға жуық. Сонымен қатар қала тұрғындарының саны 176 мыңға дейін өсті, 2025 жылға қарай қала халқының саны 250 мыңға дейін, ал 2035 жылға қарай 350 мыңға дейін жететін болады. Қарқынды дамып келе жатқан қаланың барлық мұқтаждығы Түркістан қаласын дамыту бойынша ұсынылып отырған жоспарда ескерілген. Құжат қала тұрғындары мен қонақтары үшін толыққанды жайлы орта құруға мүмкіндік береді, - деді Премьер-министр.

Ұсынылған жоспар қаланың және Түркістан облысының атқарушы органдарымен, орталық мемлекеттік органдармен келісілген. Қала инфрақұрылымын дамытудың тиісті схемалары әзірленіпті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы