Үкіметте тау-кен металлургия кешеніндегі кәсіпкерлік мәселелері қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда тау-кен металлургия кешеніндегі бизнестің түйткілді мәселелері қаралды. Қатысушылар экономикалық өсімнің және Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартудың драйвері ретінде жер қойнауын дамытудың жалпыұлттық басымдығын әзірлеу жөніндегі бизнес-қоғамдастықтың ұсынысын талқылады.
Сондай-ақ тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамытудың стратегиялық бағыт-бағдары, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ ұлттық даму институттары арқылы тау-кен өндіру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еңбек инспекторлары 1,9 млрд теңге берешек анықтаған
Өзгелердің жаңалығы