Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту мәселесі қаралды
Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Су саласын реформалау жөніндегі республикалық кеңеске дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасында су шаруашылығы инфрақұрылымы мен табиғи су объектілерін қалпына келтіру, су үнемдеуді экономикалық ынталандыру, мониторинг жүйесін дамыту, кадрлар даярлауды жақсарту және т.б. іс-шаралар көзделген.
Сонымен қатар Қазақстанның су кеңесінің кезекті отырысы барысында алдағы Республикалық кеңесте елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті қаралатыны атап өтілді.
Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру, су заңнамасын жетілдіру және ұлттық жобаларды іске асыру қаралмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зағип жандар үстел теннисін ойнайды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы