Үкіметте Қазақстан-Қытай шекарасының мәселелері талқыланды

Үкіметте Қазақстан-Қытай шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінің тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы аптада «Нұр Жолы» бекетінің өткізу қабілеттілігі едәуір артты. 

Атап айтқанда, 19 наурызда: 

ҚХР-дан ҚР-ға 680-ден астам жүк көлігі (13 наурызда шамамен 150 көлік); 

ҚР-дан ҚХР-ға 140-қа жуық көлік өткен. 

Шекарадағы кезек алғашқы күндері нақты 300 көліктен 20 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 70 көлікке дейін азайды. 

Қазақстан жағында көбіне Қытай визаларын алуды күтіп отырған тасымалдаушылар басым. Премьер-Министр Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл процесті жеделдету, сондай-ақ қазақстандық компанияларды халықаралық тасымалдарға шығуын оңайлату жөніндегі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.

 Сонымен қатар Әлихан Смайылов шекаралық бақылау-өткізу бекеттеріндегі электрондық кезекті қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауды және оңтайландыруды тапсырды. 

Оның айтуынша, бұл процесті ашық әрі тиімді жүргізу үшін  «Атамекен» ҰКП тарту керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы