Үкіметте ірі газ жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.

Шараға қатысушылар айтарлықтай тәжірибесі мен авиация саласында терең сараптамасы бар ірі халықаралық вьетнамдық компания – SOVICO Group пайдасына қарай «QAZAQ AIR» АҚ мәмілесін іске асыру мәселесін талқылады.

 Шетелдік инвестордың әуе компаниясын сатып алуының негізгі міндеттемелерінің бірі Boeing және Airbus модельдерімен әуе кемелерінің паркін кеңейту болды.

Бұл отандық азаматтық авиация нарығының дамуына елеулі серпін бермек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы