Үкіметте Азия даму банкімен және Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдеді.
Азия даму банкі мен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдерінің және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Ақтөбе-Мақат және Алматы-Қорғас автожолдарын күрделі жөндеу, ирригациялық және су бұру жүйелерін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасының ипотекалық несие беру шарттары қарастырылды.
Сонымен қатар отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру сапасын арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлігін "тапшанға" айналдырған шетелдік 12 адамды тасымақ болған
Өзгелердің жаңалығы