Үкіметке дербестік берілді, енді нәтиже керек – Президент
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғаруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғаруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менің шетелге сапарларым және инвесторлармен кездесулерім барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуына баса мән беру қажет. Коммерциялық келісімдердің жалпы құны былтырдың өзінде шамамен 75 миллиард доллар болды. Жұмысты созбалаңға салу және қол қойылған келісімдерді орындамау деген мәселе болмауға тиіс. Бұл жұмысты орындауға Президент Әкімшілігі де жауапты, - деді ол.
Президент жағымсыз үрдіс пайда болғанын айтты.
Ашығын айту керек, бізде мынадай жағымсыз үрдіс пайда болды: жоғары басшылық деңгейіндегі келіссөздердің алдында өте белсенді жұмыс жүргізіледі, ал кейін тым-тырыс болып қалады. Мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғару керек. Үкімет мейлінше дербес болуды сұрады, дербестік берілді, енді іс жүзінде соны дұрыс қолдануы керек. Қол қойылған әрбір құжат алдын ала сапалы түрде дайындалып, орындалу мерзімдері нақты айқындалуы қажет. Жұмыстың нәтижесі үшін бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктеледі, - деді Тоқаев.
Президент мемлекет инвесторлар алдындағы міндеттемелерін толық орындауы керегін айтты. Сөзінше, елге сенім, іскерлік бедел осылай қалыптасады.
Үкімет Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көтеруге, бәсекелік артықшылықтарын дамытуға баса мән бергені жөн.
- 50 пайыз пайдаға сеніп, несие алған: Тараздық әйел 2 млн теңгеге жуық қаржысынан айырылды 10:32
- Теңгенің болашағы қандай? Ұлттық банк өкілі маңызды бағыттарды түсіндірді 10:14
- Жылу ақысы қалай есептеледі? Қарашада тұрғындарға неге көп төлем келіп жатыр? 10:02
- Киімнің де цифрлық паспорты болады: Қазақстанда жаңа талап қалай енгізіледі? 09:43
- Қазақстан жерді қалпына келтіру ауқымы бойынша әлемде үшінші орынға шықты 09:28
- Алименттен бастап баспанаға дейін: Ерлан Қошановқа азаматтар қандай мәселелерді жеткізді? 09:09
- Шымкентте жаңадан төселген тротуар опырылып, бойжеткен шұңқырға құлап кетті 08:59