Қазақстан мен Моңғолия Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция вице-министр К.Төребаев бірлескен Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық комиссиясының Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде 8-інші кеңеске дайындық барысын талқылау үшін бейнеконференция режимінде Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Онлайн-келіссөзге Монғолияның салалық мемлекеттік органдары мен екі елдің Төтенше және Өкілетті елшілері қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар Үкіметаралық комиссияға дайындық бойынша атқарылған жұмыс пен ағымдағы жағдай туралы ақпаратпен алмасты.

Тараптар ҮАК 8-ші отырысына дайындық бойынша өткізілетін барлық іс-шаралардың Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсухтың 2019 жылғы 10-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапары шеңберінде қабылданған, Қазақстан мен Моңғолия Премьер-министрлерінің қол жеткізген уағдаластықтарды орындау үшін жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Вице-министр К. Төребаевпен кездесу барысында екі темір жол тармағы (Таван-Толгой-Зуунбаян және Таван – Толгой-Гашуунсухайт) құрылысы жүзеге асырылатын Таван – Толгой ірі таскөмір кен орнын игеру жобасы шеңберінде "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-ның 40 магистральдық "ТЭ33АС" және қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып, "ТЭМ11А" маневрлік тепловоздарын жеткізу бойынша ынтымақтастықты іске асыру ұсынылды.

Қазақстандық тарап, сондай-ақ, ІҚМ импортына қызығушылық танытып, таяу уақытта Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігіне ресми ұсыныстар жіберетінін хабарлады.

Кездесу соңында тараптар моңғол тарапының 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 8-ші отырыстың күн тәртібінің, хаттамасы мен жол картасының жобаларына ұсыныстар беруі туралы, сондай-ақ қазақстандық тараптың локомотивтерді жеткізу жөніндегі ұсыныстарын қарау туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы