Үкімет зейнетақы мен жәрдемақыға келер жылы қанша теңге бөлінетінін айтты
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнетақы мен жәрдемақыға келер жылы қанша теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Мәжілісте таныстырды.
Индекстелген зейнетақы мен жәрдемақыны төлеуге 5,4 трлн теңге көзделген. Отбасыларды қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Осы мақсатқа келесі жылға 93,3 млрд теңге көзделген, - деді ол.
Жамаубаев атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жас деңгейінде сақталды.
Бұл 150 мыңнан астам адамды қамтиды және 3 жылға қосымша 473 млрд теңгені қажет етеді, - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2024 жылы жалақы өседі
Өзгелердің жаңалығы