Үкімет тілдік және этникалық ерекшеліктерді қорлауға жол бермейді – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет тілдік және этникалық ерекшеліктерді қорлауға жол бермейді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Дін және ұлтаралық қатынастар саласында интернет кеңістігінде, әсіресе жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру жұмыстары жалғасады. Ар-намыс пен қадір-қасиетті тілдік және этникалық белгілері бойынша қорлаудың кез келген нысанын болдырмау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылады, - деп айтты Премьер-министр.

Әлихан Смайылов атағандай, мемлекеттік тілді оқып-үйренуді кеңінен насихаттау және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тәрбиелік және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы