31 Тамыз 2022 2022, 19:09

Үкімет тарауы мүмкін бе?

Бұл пікірді саясаттанушы Әділ Сайлаубек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл пікірді саясаттанушы Әділ Сайлаубек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент қымбатшылықтың алдын алу мақсатында тың іс-шараларды ұсынады деп ойлаймын. Өздеріңізге мәлім, билік өкілдері жиі ауысып жатыр. Сауда және интеграция министрі өз қызметінен кетті. Болжам бойынша қазан айларында тағы бірқатар билік өкілі қызметінен босатылуы мүмкін, - деді сарапшы.

Сайлаубектің айтуынша, бұл Жолдауда экономиканы қалпына келтіретін реформаларға мән беріледі. 

Ең әуелі саяси-экономикалық реформалар ұсынылады деген ойдамын. Өйткені бізге Жаңа Қазақстанды құру үшін  әлі де тың идеялар қажет. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер, қымбатшылық пен білім саласына қатысты бірқатар өзекті мәселе айтылып қалуы мүмкін. Мемлекет басшысының сырт елдерге іс-сапары бекер емес. Мемлекет басшысы мұның нәтижесін айтады деп ойлаймын деді, - деді Әділ Сайлаубек.