Үкімет: Су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу жақында шешіледі

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары жақын арада өтелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасуда. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. Күштер мен техниканың қосымша топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сонымен қатар бірқатар облыстарда келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеуде, - деді вице-премьер.

Айтуынша, тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайды.

Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады, - деді Қанат Бозымбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы