Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында елдегі шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Мемлекет басшысы Үкіметке шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды.

«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына жауап ретінде әзірленген.

Бағдарлама Аманат партиясымен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленді. Бағдарлама шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда ауқымды дамытуға бағытталған.

Бағдарлама жедел әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін технологиялық жағынан қарапайым, тез іске асырылатын жобаларға бағытталған, – деп атап өтті вице-премьер.

Пайымдайынша, бағдарламаның басымдығы қосылған құнның жергілікті тізбегін, орнықты өндірістік базаны және ұзақ мерзімді экономикалық әсерді қалыптастыратын ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайханалар, сүт және ет жартылай фабрикаттары, тамақ өндіру, ағаш өңдеу, жиһаз цехтары және құрылыс материалдарын өндіру, қолөнер және өзге де бағыттар болып саналады.

Бағдарламаның негізгі тәсілі – өңірлік әлеуетті және қажеттіліктерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың басым салалардың қосымша тізбесін қалыптастыру арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін өңірлерді ортақ жауапкершілікке тарту. Бағдарламада өңірлік экономиканың құрылымын көрсететін субсидиялау лимиттерінің екі деңгейлі жүйесі көзделеді, – деді Серік Жұманғарин.

Бірінші деңгей – Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары үшін бюджеттің 30%-ына дейін субсидия бөлу.

Екінші деңгей – қалған өңірлерге субсидиялар бюджетінің 70%-ына дейін бөлу.

Екі деңгей бойынша қаржыландырудың қолжетімділігі кредиттің бүкіл мерзіміне негізгі борыш сомасының 80%-ына дейін «Даму» қорының кепілдіктерін беруді қоса алғанда, субсидиялау және кепілдік беру тетіктерінің үйлесімімен қамтамасыз етіледі, – дейді ведоство басшысы.

Бағдарлама өзара байланысты үш бағыт бойынша іске асырылатын болады:

Бірінші. Қаржылық шаралар

  • Қарыз қаржыландырудың құнын төмендетуге және шағын бизнестің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру.

Екінші. Қаржылық емес шаралар

  • Салалық онлайн-оқыту, кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыруға бағытталған сервистік және консультациялық қолдау.

Үшінші. Инфраструктуралық шаралар

  • Өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету, үй-жайлар мен жер учаскелерін жеңілдікпен жалға беру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы