13 Қазан 2026, 16:07 Фото: pixabay.com

Үкімет: Қазақстанда жеке инвестициялар 18,2%-ға өсті

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 16,1 трлн теңгеге жетіп, жеке капиталдың үлесі 85,7%-ды құрады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,1 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, инвестиция көлемінің өсуіне негізінен жеке инвестициялар ықпал еткен. Олардың көлемі 18,2%-ға артқан.

Инвестициялардың ең жоғары өсімі өңдеу өнеркәсібінде – 40,1%, құрылыста – 32%, ақпарат және байланыс саласында – 29,2%, денсаулық сақтауда – 20,4%, ауыл шаруашылығында – 9,1% болды, – деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы да өзгеріп келеді. Жалпы инвестиция көлеміндегі жеке инвестициялардың үлесі 85,7%-ды құрады.

Ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 9,4 млрд доллар болған.

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 4,2%-ға өсті

Машина жасау 22,8%-ға өсті: Қазақстанда өндіріс қалай өзгеріп жатыр?